(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.24.11. № 1161 ҚАУЛЫСЫ

Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар:

1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 шілдеге және 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бip ай мерзімде мәдениет саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды бекіту және жергілікті бюджеттерде оларды іске асыру үшін қажетті қаражат көздеу ұсынылсын.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есімовке жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                         Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.